Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Иса сөзін аяқтағанда, халық Оның тәліміне қатты қайран қалды. Олар Оның тәліміне таңданып, қатты қайран қалды. Себебі Иса оларға дін мұғалімдері сияқты емес, Құдайдан келген ерекше билікпен тағылым берді. Бәрі Оған ризалық білдіріп, аузынан шыққан ұнамды сөздеріне таңғалды.Бұдан кейін олар:— Мынау Жүсіптің Баласы емес пе? — деп өзара сұрасты. Иса Құдайдан келген ерекше билікпен сөйлегендіктен, жұрт Оның тәліміне қатты қайран қалды. Яһуди діндарлары таңғалып:— Арнайы дайындықсыз Мынау Киелі жазбаларды қалай түсіне алады? — деді. Сақшылар:— Бірде-бір адам Ол сияқты сөйлеген емес! — деді.
Выбор основного перевода