Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олардың Мені терең қастерлеп, өсиеттерімді түгел орындауға ниеттенген жүректері берік болса екен! Сонда олардың өздері де, ұрпақтары да әрқашан игілікті өмір сүретін болады. Дана болып олар ұғынса ғой,Ақыр аяғы не боларын ұқса ғой! Себебі Өзі — біздің бірден-бір Құдайымыз,Ал біз Оның бағып жүрген меншікті халқымызӘрі қамқорындағы отары сияқтымыз.Бүгін сендер Оның даусын естігенде, Сонда Тәңір Ие маған былай деп бұйырды:— Осы халыққа барып, мына хабарды жеткіз: «Естіп тұрыңдар, бәрібір түсінбейсіңдер, көріп тұрыңдар, бәрібір аңғармайсыңдар!» О, егер өсиеттеріме құлақ ассаңдар ғой, шіркін! Сонда сендердегі амандық пен тыныштық сарқылмас өзендей, әділдік те теңіз толқындарындай шексіз болар еді! Осылайша Ишая пайғамбардың алдын ала айтқан мына тәрізді сөздері олардың өмірінде жүзеге асады: Естисіңдер, бәрібір түсінбейсіңдер, көресіңдер, бәрібір аңғармайсыңдар! Осылайша олар көріп тұрсын, алайда аңғармасын, естіп тұрсын, алайда түсінбесін. Әйтпесе олар теріс жолдарынан қайтып, күнәлары кешірілер еді. Өзінің таңдаған халқын құтқарып,Күнәсін кешіретінін хабарлап,Оның алдынан жүретін боласың: Ажал төндірген түнектегі біздергеОл Өзінің шапағатты нұрын төгеді,Һәм бізді бейбітшілік жолына жетелейді». Иса оларға жауап беріп былай деді:— Құдай өз Патшалығы туралы сырларды білуді сендерге бұйырған. Бірақ басқаларға олар астарлы әңгімелер арқылы айтылады. Осылайша олар көріп тұрса да, шынымен көрмесін, естіп тұрса да, бәрібір түсінбесін. Сонымен Ишая пайғамбардың алдын ала айтқан мынадай сөздері дәл келді: Ием, біздің хабарымызға азғана кісілер сенді! Жаратқан Иенің құдіретті күші кімге ашық көрсетілді? Құдай Исраил халқына Өзінің Иса Мәсіх арқылы адамзатпен татуласуы жайлы Ізгі хабарды жіберді: Мәсіх — бәрінің де Иесі! Осы халыққа барып, мына хабарды жеткіз: Естисіңдер, бәрібір түсінбейсіңдер, көресіңдер, бәрібір аңғармайсыңдар! Бұл туралы мынадай сөздер жазылған ғой: «Құдай олардың ақыл-саналарын ұйықтатты. Олар көздері болғанмен (шындықты) көрмейді, құлақтары болғанмен (Құдайдың сөзін) естімейді, әлі күнге дейін солай». Көздері көре алмастай тұмандансын, белдері ұдайы бейнеттен бүкшиіп қалсын!» Қайта, бірде-біреуің күнәнің кесірінен алданып, қасарысып кетпеу үшін, әлі де «бүгін» деген мерзім бітпей тұрғанда, күн сайын өзара дем берісіп отырыңдар!
Выбор основного перевода