Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ Жаратқан Ие оған былай деді: «Сен оның бет-жүзіне, бойшаңдығына қарамай-ақ қой. Оны мақұл көрмеймін. Себебі Құдай пенденің көзімен қарамайды ғой.Пенде назарын адамның бет-жүзіне аударады,Ал Жаратқан Ие оның жүрегіне көз салады». Әділ Құдайым, жан дүниемізді сынайсың,Енді доғартсаңшы зұлымдардың сұмдығын,Әрі нығайтсаңшы әділдердің қорғанышын. Жаратқан Ие мына алтауды жақтырмайды,Тіпті жетеуді жаны мүлдем жаратпайды: Өз жолы адамға түзу болып көрінер,Ал оның жүрегін Жаратқан Ие тексерер. «Біздер білген жоқпыз» дейсің бе?Жүрек түкпірін сынайтынЖаратқан шындықты білмей ме?Ұдайы жаныңды бақылайтынТәңір Ие білмей қалар дейсің бе?Ісіне қарап әрбір жанныңҚарымтасын Ол береді де. Бірақ Сен, уа, Әлемнің Иесі, әрқашан әділ шешім шығарасың! Адамның жан дүниесі мен ой-санасында не барын тексеріп анықтайсың. Өзіңе жағдайымды сеніп тапсырдым. Енді оларға лайықты жазаларын тартқызғаныңды маған көрсете көрші! Солар сияқты сендер де сырттарыңнан әділ болып көрінгенмен іштерің екіжүзділік пен күнәға лық толы! Бірақ өзін ақтағысы келген ғұлама Исадан:— Сонда «маңайымдағы адам» кім болғаны? — деп сұрады. Өздерінің әділдігіне нық сеніп, басқаларды менсінбей жүрген кейбір кісілерге Иеміз мына астарлы әңгімені айтып берді: былай деп Құдайға сиынды: «Уа, Жаратқан Ие, Сен барлық адамдардың көңіліндегісін білесің. Сен осы елшілік қызметті мойнына алуға мына екеуінің қайсысын таңдап алғаныңды білдіре көрші.
Выбор основного перевода