Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Өйткені арсыздың артатын қандай үміті қалар еді? Құдай көзін құртып, жанын алады емес пе?! Басына қиындық түскенде, Құдай оның жалбарынған үніне ден қоя ма? Жаратқан Ие әділдерге назар аударады,Өзіне жалынған оларға құлақ салады. Жүректе бар күнәмнан бас тартпасам,Дұғама құлақ салмас еді Жаратқан. Арамзадан Жаратқан Ие алыс болар,Әділдің мінажатына Ол құлақ салар. Заңға құлақ аспайтынныңМінажаты да Құдайға жексұрын. Сендер қолдарыңды жайып Маған сиынғанда назар аудармаймын. Қаншама көп мінажат етсеңдер де, Мен құлақ салмаймын. Себебі қолдарың жазықсыз адамдардың қанымен былғанған. Сондықтан Жаратқан Ие ескертіп мынаны айтады: Мен оларға қашып құтыла алмайтын бір апат жіберемін. Олар Менен рақым етуімді жалбарына өтінсе де, оларға құлақ аспаймын. Кейін осы арамзалар Жаратқан Иеге жалбарына үн қататын болады, бірақ Ол жауап бермейді. Сол кезде Жаратқан Ие олардың істеген көптеген зұлымдықтарына бола солардан бет-жүзін жасырады. Мен оларды шақырған кезде олар құлақ салмаған еді. Сондықтан олар Мені шақырған кезде Мен де құлақ салмадым, — дейді Әлемнің Иесі. Ол әр ұлттың Өзін қастерлеп, әділдікке сай әрекет ететіндерін қабылдайды. Ал ел аралап, адамдардан жындарын қуып шығарушы кейбір яһудилер жын буғандар үшін дұға оқып, Иеміз Исаның атын қолдана бастады:— Саған Пауыл уағыздап жүрген Иса арқылы бұйырамын, — деді. Яһуди бас діни қызметкер әулетінен шыққан Скеуаның жеті ұлы осылай істеп жүрді. Алайда бірде жын бұларға жауап беріп:— Исаны білемін, Пауыл да маған таныс, ал сендер кімсіңдер? — деді. Содан жыны бар кісі оларға бас салып, жерге жығып, бәрін де жеңіп шықты. Ағайындылар сол үйден жалаңаш, ұрылған-соғылған күйі қашып шықты.
Выбор основного перевода