Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Мұса қайтып келіп, халыққа Жаратқан Иенің күллі сөздері мен заңдарын жеткізгенде, бүкіл халық бірауыздан: «Жаратқан Иенің айтқандарының бәрін орындаймыз!» — деп жауап берді. Құдай ата-бабаларымызға Таурат заңын Мұса пайғамбар арқылы берді, ал рақым мен шындық бізге Иса Мәсіх арқылы жетті. Періштелердің қызметі арқылы Таурат заңын қабылдағанмен, оны ұстанбай келесіздер! Сен яһуди екеніңді айта жүріп, Таурат заңына сүйеніп, Құдаймен ерекше байланыста тұрғаныңа мақтанасың ба? Оның еркін білесің, Таураттан тәлім алып, ненің жақсы-жаман екенін анықтай аласың. Өзіңді соқырларға жетекшімін, қараңғыда адасқандарға жарықпын, надандарға тәрбиешімін, сәбидей білімсіздерге ұстазбын деп ойлайсың. Өйткені Таураттан нақты білім мен шындықты таптың. Сонымен, сен басқаларды үйретіп жүрсең де, қалайша өз іліміңді өзің ұстанбайсың?! «Ұрлама» дей тұра ұрлағаның не? «Неке адалдығын бұзба» дей тұра оны өзің бұзғаның қалай? Жалған тәңірлердің мүсіндерін жек көресің, алайда неліктен өзің Құдайға тиісті құрметті көрсетпейсің? Таурат заңымыз бар деп мақтанғанмен сол заңды бұзып, Құдайды қорлайсың! Сол сияқты Пайғамбарлар жазбаларында мына тәрізді сөздер айтылған: Басқа ұлттардың арасында сендерге бола Құдайдың аты қорланады. Ал сүндет рәсіміне келетін болсақ, егер де Таурат заңын қалтқысыз орындап жүрсең, ол рәсім пайдалы болар еді. Бірақ сүндеттелген сен бұл заңды бұзып жүргендіктен, сүндеттелмеген басқа ұлт адамынан сенің қай жерің артық? Егер сол адам Таурат заңының талаптарын орындап жүрсе, өзі сүндеттелмеген болса да, сүндеттелген болып есептелмей ме? Ей, яһудилер, сондықтан да басқа ұлт адамдары сендерді айыптайтын болады. Сендер Тауратты және сүндеттеу рәсімін ұстанғандарыңа қарамастан, заңды бұзып жүрсіңдер, ал олар сүндеттелмеген болса да, кейбіреулері оның талаптарын орындайды. Сырт бейнесінде емес, жан дүниесінде Құдайдың адамы болған ғана Оның таңдаулы халқына жатады. Сондай адамның сүндеттелуі сырттай, яғни тәнінде, ғана емес, жан дүниесінде болу керек. Бұл рухани жаңартылу жазылған заңнан емес, Киелі Рухтан пайда болады. Ондай кісіні адам баласы емес, Құдайдың Өзі мадақтайды. Сырт бейнесінде емес, жан дүниесінде Құдайдың адамы болған ғана Оның таңдаулы халқына жатады. Сондай адамның сүндеттелуі сырттай, яғни тәнінде, ғана емес, жан дүниесінде болу керек. Бұл рухани жаңартылу жазылған заңнан емес, Киелі Рухтан пайда болады. Ондай кісіні адам баласы емес, Құдайдың Өзі мадақтайды.
Выбор основного перевода