Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
— Сендерге шындығын айтайын: теріс пікірлеріңнен қайтып, бала сияқты (кішіпейіл) болмасаңдар, Құдайдың Патшалығына кіре алмайсыңдар! Сондай-ақ оны «Міне, мұнда!» не «Әне, анда!» деуге болмайды. Себебі Құдайдың Патшалығы сендердің жан дүниелеріңде, — деді. Ол шынайы хабары арқылы бізге мәңгілік өмір сыйлап, Өзінің жаңа жаратылысындағы тұңғыш рухани балалары болуымызды қалады. Рухани қайта туылып, жаңа өмірге иесіңдер ғой. Бұл шіріп кететін табиғи тұқым арқылы жүзеге асқан жоқ. Қайта, сендер ешқашан құрымайтын «рухани тұқым» — Құдайдың өмір беретін мәңгілік сөзін қабылдағанда, қайта туылып жаңа өмірге ие болдыңдар. Рухани мағынада Құдайдан туғандар күнә жасай бермейді, себебі олардың бойында Құдай сыйлаған жаңа өмір қала береді. Осылайша олар Құдайдан туғандықтан күнә жасауларын жалғастыра алмайды.
Выбор основного перевода