Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
От Иоанна
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Себебі Мен періштелерімді ертіп Әкемнің салтанатты ұлылығымен Билеуші ретінде көктен қайтып келген кезімде әркімге істеген істеріне қарай сыйын беремін. Сендерге шын айтамын: осында тұрған кейбіреулерің Менің Құдай тағайындаған Билеуші ретінде Патшалығымның нұрлы салтанатымен келуімді өз көздеріңмен көрмей, өлмейсіңдер. — Құдай тағайындаған Билеуші қасиетті періштелерін ертіп ғаламат ұлылықпен көктен келген кезде Өзінің салтанатты тағына отыратын болады. Барып, дайындап болғаннан кейін қайтып келіп, Өзім болатын жерде сендерді де болсын деп қасыма алып кетемін. Сондықтан уақыты келместен бұрын айыптауға асықпай, Иеміздің қайта оралуын күтіңдер! Ол әзірше қараңғыға жасырылғанды әшкерелеп, жүрегіміздің ой-ниеттерін ашып көрсетеді. Сол кезде Құдай әрқайсымызға лайықты мақтауын береді. Сендер осылай нан жеп, тостағаннан ішкен сайын, Иеміз қайтып келгенше, Оның құрбандық өлімін жариялай бересіңдер. Оның рухани Ұлы Исаның көктен түсуін күтудесіңдер. Құдай өлімнен қайта тірілткен Иса бізді келешектегі қаһарлы соттан құтқарып алады. Тыныштықты сыйлайтын Құдай сендерді Өзіне толықтай бағышталдырып, қасиетті өмір сүргізсін. Иеміз Иса Мәсіх қайтып келгенде мінсіз болуларың үшін рухтарың мен жан-тәндерің кіршіксіз пәк сақталсын. алайда Мен келгенше, өздеріңде бар рухани игіліктерді берік ұстаңдар! Мен жуырда келемін. «Жеңісіңнің тәжін» сенен ешкім тартып алмау үшін, өзіңде бар рухани игіліктерді берік ұста! (Мәсіх:) «Міне, Мен жуырда келемін! Құдайдың осы кітаптағы хабарларын ұстанатындар бақытты!» — деп ескертті. Осының бәрін Растаушы былай дейді:— Бұл шындық, Мен жуырда келемін! Аумин!— Иеміз Иса, келе гөр!
От Иоанна
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Выбор основного перевода