Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Ықылас-ниетім әрдайым Иемде,Оң жағымда Ол маған жар боп келеді:Жағдайым шайқалмайды ешбір кезде. Маған жақындап, айтқандарыма құлақ түріңдер! Сонда шынайы өмірге ие боласыңдар. Сендермен мәңгілік Келісім жасамақпын. Кезінде Дәуітке уәде еткен мызғымас рақымымды енді өздеріңе көрсетпекпін. Оны өлтіреді, бірақ үшінші күні Ол қайта тіріледі!» — Сонда шәкірттерінің еңселері түсіп қатты қапаланды. Ол мұнда жоқ, қайта тіріліп кетті! Оның Ғалилеяда жүрген кезінде сендерге алдын ала айтқандарын естеріңе түсіріңдер: көктен келген Билеуші күнәкар адамдарға ұстап беріліп, айқышқа шегеленіп өлтірілуге, алайда үшінші күні қайта тірілуге тиіс екенін Өзі алдын ала білдірген еді ғой», — деді. Сонда Исаның айтқан сөздері олардың естеріне түсті. Шәкірттері бұны сол кезде түсінген жоқ. Дегенмен Иса қайта тіріліп, көкке көтеріліп, Өзінің ұлылығына ие болғанда, олар бұл сөздердің Иса туралы алдын ала жазылғанын және халықтың Оны осылай қарсы алғанын естеріне алды. Ал Әкем Менің атымнан Қамқоршыларың — Киелі Рухты жібереді. Ол Менің сендерге айтқан сөздерімнің бәрін естеріңе салып, рухани өмірлеріңе керектің бәрін үйретеді. Дәуіт пайғамбар Ол туралы былай деген:«Ықылас-ниетім әрдайым Иемде,Оң жағымда Ол Маған жар боп келеді:Жағдайым шайқалмайды ешбір кезде. Құдай Исаны өлімнен тірілтіп, Оның денесін еш уақытта шірітпейтін болады. Бұны Оған мына тәрізді сөздермен алдын ала білдірген болатын: «Мен кезінде Дәуітке уәде еткен қасиетті де берік рақымымды өздеріңе көрсетпекпін»
Выбор основного перевода