Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Содан кейін шәкірттеріне қайта оралып, былай деді: «Әлі де ұйықтап, тынығып жатырсыңдар ма? Енді уақыт болды: Құдай тағайындаған Билеуші күнәкарлардың қолына ұстап беріледі. Иса үшінші рет оңаша сиынып, қайтып келгеннен кейін шәкірттеріне: «Әлі де ұйықтап, тынығып жатырсыңдар ма? Жетер енді, уақыт болды: Құдай тағайындаған Билеуші күнәкарлардың қолына ұстап беріледі. Содан біреулер Оны тұтқындамақ болды, бірақ Оған қарсы ешқайсысы қол көтермеді. Өйткені Исаның өз жанын қиятын уақыты әлі жетпеген еді. Осы сөзді Иса ғибадатхананың қазынасы сақталатын қойманың жанында тәлім беріп отырғанда айтты. Алайда Оны ешкім тұтқындаған жоқ, өйткені Исаның өз жанын қиятын уақыты әлі жетпеген еді. Иса оларға былай деп жауап берді:— Көктен келген Менің ұлылыққа жететін уақытым келді. Адамның достарына көрсететін ең зор сүйіспеншілігі — олар үшін өмірін құрбан етуі. Мен Әкеден жерге келдім; кейін жерді тастап, Әкеге қайта ораламын. — Иса осыны айтқаннан кейін, аспанға қарап былай деді:— Әке, уақыт жетті. Рухани Ұлыңды ұлылыққа бөлей гөр, сонда Мен Сенің ұлылығыңды көрсете аламын. сондықтан өзім бұдан былай өмір сүріп жатқаным жоқ, қайта, бойымда Мәсіх өмір сүруде. Ендігі тәндік өмірім — Құдайдың рухани Ұлына деген сенімімнің арқасындағы өмір. Ол мені сүйгендіктен, Өзін мен үшін құрбан етті! Иса Мәсіхтің өз өмірін біз үшін қиғандығы арқылы нағыз сүйіспеншіліктің не екеніне көзіміз жетті. Біз де бауырларымыз үшін жанымызды қиюға даяр болуымыз керек.
Выбор основного перевода