Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Філіп пен Барталмай; Тома мен салықшы Матай; Әлпей ұлы Жақып және Тадей (деген Лебей); Сол кезде олар Иерусалимге көтерілетін жолмен өрлеп бара жатты. Иса алдарында жүрді, ал шәкірттері абыржып, Оның соңынан ерген халық та қорқып келе жатты. Иса қайтадан он екі елшісін қасына шақырып алып, оларға (Өзінің басынан өткізетіндері туралы) айта бастады: Алайда Петір одан бетер құлшына:— Маған Сізбен бірге өлуге тура келсе де, Сізден еш танбаймын! — деді. Барлық басқа шәкірттер де осыны айтты. Исаның он екі шәкіртінің бірі, Сыңарлас деп те аталған Тома, Иса оларға келген кезде араларында жоқ еді. Басқа шәкірттер оған:— Біз Иемізді көрдік, — дегенде, Тома:— Мен Оның қолдарынан шегелердің орнын көрмесем, саусағыммен шегелердің орнын сипап, бүйіріндегі тыртығын қолыммен ұстамасам, Оның тірілгеніне еш сенбеймін, — деп жауап берді. Бір аптадан кейін Исаның шәкірттері тағы сол үйге жиналды, олармен бірге Тома да болды. Есік бекітілген еді, бірақ Иса кіріп келіп, орталарына тұра қалды да:— Сендерге амандық пен тыныштық болсын! — деді. Содан кейін Томаға: — Менің қолыма саусақтарыңды тигізіп қара, алақаныңды бүйіріме қой және сенімсіз болмай, сенетін бол! — деді. Тома Оған:— Ием менің, Құдайым менің! — деп мойынсұнды. Ендеше, біз Мәсіхпен бірге рухани өлгендіктен, Онымен байланыста өмір сүретінімізге де кәміл сенеміз.
Выбор основного перевода