Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Осы халық түсініктен жұрдай болған,Ақыл-парасаттары еш қалмаған. Күмән жоқ, Құдайдың жолы мінсіз,Жаратқанның сөзі де еш мүлтіксіз.Құдайға сенім артқан бар жандарғаОл — қалқандай қорған әрі берік баспана. Ақылды жан бұл жайттарға ден қояды,Жаратқанның берік рақымын ұғынады. Жаратқанның жолы мінсіз жанға қорған болар,Ал зұлымдық істеушінің үрейін ұшырар. Алайда Құдайға қарсы тұрып, күнә жасаушылардың бәрі бірдей құриды, Жаратқан Иеден безгендер қырылып жойылады! Тегіс те түзу — жолы әділдердің,Уа, Хақ Тағала, жолды тегістейсіңОй-ниеті адал адамдар үшін. — Бұны түсінуге кімнің даналығы жетеді? Жаратқан Ие оған соны түсіндіріп, енді бізге де ұғындыра алатын адам кім? Ел неге құрып, ешкім жүрмейтін шөл даладай күнге күйіп, қаңырап бос қалған? Көптеген адам осы ауыр сынақтардан өтіп, тазарып, мінсіз болады. Алайда зұлымдар күнә жасауларын жалғастыра береді. Солардың ешқайсысы хабарды түсінбейді, тек даналар ғана оның мағынасын ұғатын болады. «Ей, әзәзіл шайтанның баласы, барлық әділдіктің жауы! Сенің ішің әр түрлі өтірік пен зұлымдыққа толы. Жаратқан Иенің тура жолын теріске шығаруды қоясың ба, жоқ па?
Выбор основного перевода