Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Ондайлар қашан жел қуған сабандай, не дауыл соғып, ұшырып әкеткен қабықтай болған еді? Ал құдайсыздарда солай болмайды,Олар жел ұшырған қабыққа ұқсайды, Түтіннің желмен ыдырайтыны сияқты,Уа, Құдайым, жауларыңды ыдыратшы,Балауыздың отқа еритіні іспетті,Зұлымдарды алдыңнан құртып жіберші. Сонда мүсіннің темірі мен қышы, қоласы, күмісі және алтыны бәрі бірдей быт-шыт болып сынып қалды. Олар жаздыгүні астық бастыратын қырмандағы бидай қауызындай соққан желмен ұшып кетіп, із-түзсіз ғайып болды. Ал мүсінге соғылған дәу тас орасан зор тауға айналып, бүкіл жер бетін толтырды. «Уа, Ефрем халқы, саған не істесем екен? Ал саған ше, Яһуда елі? Сендердің сенімді болуларың әрі кеткенде таңғы бұлт іспетті. Я болмаса, таң ата салысымен буға айналып кететін шық сияқты.
Выбор основного перевода