Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Ру басқарушылары да жасаққа сөз арнап былай десін: «Жаңадан үй салып, оған әлі қоныстанып үлгермеген біреу бар ма араларыңда? Сондай адам үйіне қайта берсін! Әйтпесе, ол шайқаста қаза тапса, үйін басқа біреу қоныстанып жүрер. Дәуіт леуіліктердің басшыларына руластарының арасынан шертер, жетіген, сылдырмақ сияқты аспаптардың сүйемелдеуімен қуанышты ән-жыр айтатын әнші-күйшілерді тағайындауды тапсырды. Осы аталғандардың барлығы да Құдай Иенің киелі үйінде сылдырмақ, домбыра, жетігенде ойнап, ән-жыр айтатын. Олар сол қызметті өздерінің әкелерінің жетекшілігімен атқаратын. Асаф, Хеман, Едутун патшаның қарамағында болды. Сонда Исраилдің бүкіл халқы: діни қызметкерлер, леуіліктер және Бабылға жер аударылудан қайта оралғандардың бәрі де жиналып, Құдайдың киелі үйін Оған зор қуанышпен бағыштады. Бұдан кейін Иерусалимде Киелі үй мейрамы болды. Мезгіл қыстың кезі еді.
Выбор основного перевода