Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Бұған қоса яһудилердің ақсақалдарына Құдайдың үйін салуға көмек ретінде сендер істеуге тиісті нәрселер туралы бұйрық мынау:Жұмыс тоқтап қалмауы үшін олардың шығындары патшаның есебінен, яғни Батыс Евфрат өлкесінің патшаға төлейтін алым-салықтарының есебінен, толығымен өтелсін! Оларға керектінің бәрі: көктегі Құдайға арнап шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтар ұсыну үшін жас бұқалар, қошқарлар, тоқтылар, әрі Иерусалимдегі діни қызметкерлердің сұрағандарына сай астық, тұз, шарап және зәйтүн майы оларға ешбір кідіріссіз күн сайын беріліп отыратын болсын. Құдайыңның киелі үйіне керекті, өзің қамтамасыз етуге міндетті басқа да кез келген нәрселерді патшаның қазынасынан сұрап ала аласың. Осылайша Зоробабелдің және Нехемияның замандарынан бері Исраил халқы әншілер мен қақпашыларға күнделікті азық-түлік үлестерін беріп келеді. Олар, сондай-ақ, басқа да леуіліктерге тиесілі азық-түлікті бөліп отырады. Ал леуіліктер (өз кезектерінде) Һаронның ұрпақтары — діни қызметкерлерге тиісті үлесті бөліп береді.
Выбор основного перевода