Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Құдайға арнап өртелетін құрбандықтарың мен сый-тартуларыңды, өнімнің он бөлігінің бірін әрі арнайы, не беруге серт еткен, не өз еріктеріңмен ұсынған сый-тартуларыңды, сондай-ақ малдарыңның тұңғыш төлдерін де сол жерге алып барыңдар! Содан соң Құдайларың Жаратқан Ие өз есімін орнату үшін қандай жерді таңдап алса, сол жерге мен сендерге тапсырып отырған нәрселердің бәрін әкеліңдер: өртелетін сый-тартуларыңды, шалынып өртелетін құрбандықтарыңды, өнімдеріңнің он бөлігінің бірін, арнайы тартуларыңды және өздерің Жаратқан Иеге ант етіп бағыштаған бағалы заттарыңды алып келіңдер! Сонымен қатар леуіліктерге тиесілі азық-түлік үлестерінің берілмегені, әрі сол себепті киелі үйде қызмет атқаратын леуіліктер мен әншілердің өз егістіктеріне тарап кетіп қалғандары туралы да біліп алдым. Сондықтан мен басшыларды: «Құдайдың киелі үйі неге қараусыз қалдырылды?» — деп сөктім. Содан леуіліктерді жинап алып, әрқайсысын қайтадан өз міндетін атқаруға қойдым. Осылай бүкіл Яһуда халқы тағы да астықтың, жүзім шырыны мен зәйтүн майының он бөлігінің бірін Құдайдың киелі үйіндегі қоймаларға алып келетін болды.
Выбор основного перевода