Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Малахия
1 2 3 4
Параллельные места
Себебі Құдай Ие күн мен қалқанға ұқсайды,Жаратқан Ием рақым мен ұлылық сыйлайды,Ол тура жолменен жүретін адамдардыСыйлайтын игіліктерінен құр қалдырмайды. Алайда Құдайдың Қызметшісі біздің күнәларымыз үшін түйреліп, біздің әділетсіз істеріміз үшін құртылды. Оның тартқан жазасы бізге амандық пен тыныштық әкелді. Оның жараларының арқасында біз (рухани дертімізден) сауықтық. Содан соң Жаратқан Иені терең қастерлеушілер өзара сөйлесіп, Жаратқан Ие оларды ден қойып тыңдады. Сонда бұлар туралы Оның алдындағы естелік кітапқа жазылды. Сол кітапқа Жаратқан Иені терең қастерлеп, Оның есімін құрметтейтіндер тіркелген. Мейірімді рақымымен ҚұдайымыздыңШұғылалы Таң, міне, атып келеді! Иса тағы бір жолы халыққа сөйлеп отырғанда былай деді:— Мен дүние үшін Нұрмын. Маған ерген кісі енді түнекте жүрмей, шынайы өмірдің Нұрына ие болады, — деді. Мен дүниеге келген «Құдайдың Нұрымын». Маған сенімін артқан ешкім қара түнекте қалмайды. Сондықтан да былай деп айтылады:«Оян, ей, ұйқышыл,Рухани өлімнен тіріл!Мәсіх саған төгеді нұр».
Малахия
1 2 3 4
Выбор основного перевода