Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ата-анасын қарғайтын өлтірілсін. «Әке-шешесін менсінбей қорлағанды қарғыс атады!» Соған бүкіл халық: «Аумин!» деңдер. Өз обалың өзіңе. Жаратқан Иенің тағайындаған патшасын өлтірдім деп өз аузыңмен айтып, үкіміңді өзің шығардың! — деді.Содан ол сарбаздарының бірін шақырып алып: «Мынаны өлтір!» — деп бұйырды. Сарбаз келіп, бұйрықты жүзеге асырды. Енді Жаратқан Ие жазықсыз төккен қанын Жоғабтың мойнына салады. Себебі ол әкем Дәуіт марқұмға білдірмей, өзінен әділ де ізгі екі адамды: Исраилдің қолбасшысы Нер ұлы Әбенирді және Яһуданың қолбасшысы Етер ұлы Амасаны семсерімен шауып өлтірді. Құдай: «Ата-анаңды сыйла!» және «Егер біреу әкесін не шешесін жамандайтын болса, ол өлтірілсін!» деп бұйырған еді ғой.
Выбор основного перевода