Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Еркек болсын, әйел болсын, ондай адамдарды қоныстарыңның сыртына шығарып жіберіңдер! Ондағы мақсат — олардың Өзім араларыңда тұратын қонысты арамдамаулары». Өлген адамның мәйітіне жанасып, тазару рәсімінен өтпеген әркім Жаратқан Иенің жер бетіндегі тұрағын арамдайды. Ондай адам Исраилдің қауымынан аластатылсын. Тазарту суы оған бүркіп себілмегендіктен ол арамданған күйінде қала береді. Ал егер біреу арамданып қалып, тазару рәсімінен өтпесе, ондайды жамағаттан аластату керек. Себебі ол үстіне тазару рәсімінің суын сепкізбей, Жаратқан Иенің киелі орнын арамдады. Сондықтан Мен, мәңгі тірі Жаратқан Ие, өз атыммен ант етіп былай деймін: Менің киелі үйімді өздеріңнің жексұрын тәңір мүсіндеріңмен әрі жексұрын салт-дәстүрлеріңмен арамдап тастағандықтан, Мен енді сендерді қырып тастаймын. Сендерге аянышпен қарап, мейірім көрсетпеймін. Оның үстіне, Маған мынаны да істеді: сол күні олар Менің киелі орнымды арамдап, демалыс күніме қатысты ережелерімді бұзып, бұл күннің қасиеттілігін құрметтемей, оны арамдады. Діни қызметкерлер Менің халқыма киелі мен киелі емес жай нәрселерді бір-бірінен ажыратуды үйретіп, оларға арам мен адалды қалай айыруды көрсетсін. Сендер өздеріңнің «Құдайдың киелі үйі» екендіктеріңді және Құдайдың Рухы өздеріңде тұратынын білмейсіңдер ме? «Өзінің киелі үйін» жойғанды Құдай жоймақ. Себебі Құдайдың «киелі үйі» — Оның қасиетті меншігі. Ал осы «киелі үй» — сендерсіңдер!
Выбор основного перевода