Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ешбір арам нәрсені жемеңдер! Мына жануарларды азық етулеріңе болады: мүйізді ірі қара, қой, ешкі, бұғы, киік, елік, жабайы ешкі, таутеке, бөкен, арқар. Тұяғы екіге бөлінген аша тұяқты, күйіс қайыратын кез келген жануардың етін жеулеріңе болады. Бірақ күйіс қайыратын немесе аша тұяқты хайуандар арасынан сендерге түйенің, қоянның және майбасардың етін жеуге болмайды. Олар күйіс қайырғанмен, тұяқтары аша емес, сол себепті олардың еті сендер үшін арам. Ал шошқа аша тұяқты болғанмен, күйіс қайырмайды. Сондықтан ол да сендер үшін арам. Осы хайуандардың не етін жеулеріңе, не өлімтігіне жанасуларыңа болмайды. Суды мекендейтін мақұлықтардың қайсыларында қанаттары мен қабыршақтары бар болса, соларды азық етулеріңе болады. Ал егер қанаттары мен қабыршақтары болмаса, жеулеріңе болмайды, сондайлар сендер үшін арам. Кез келген адал құсты жеулеріңе болады. Бірақ мыналарды жемеулерің керек: бүркіт, күшіген, тазқара, қызыл кезқұйрық, қара кезқұйрық, сұңқардың кез келген түрін, қарғаның кез келген түрін, түйеқұс, батпақ жапалағы, шағала, қаршығаның кез келген түрін, байғыз, құлақты жапалақ, ақ үкі, бірқазан, тұйғын, суқұзғын, ләйлек, құтанның кез келген түрін, бәбісек және жарқанат. Қанаты бар құжынаған барлық жәндіктер де сендер үшін арам, оларды жемеңдер! Ал қанаты бар адал құстар мен жәндіктердің кез келгенін жеулеріңе болады.
Выбор основного перевода