Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Ал Лабан қойларын қырқып жүрген кезде Рахила әкесінің үйіндегі мүсінделген шағын тәңір бейнелерін ұрлап алған еді. Сол алтынды Гедеон діни қызметкер киіп жүретін жеңсіз сырт киім жасауға жұмсап, соны өз қаласы Офраға апарып қойды. Кейін бүкіл Исраил халқы сонда барып, сол «қасиетті» киімге табына бастады. Осылай олар азғындыққа батты. Тіпті Гедеон мен оның әулеті де бұл тұзаққа ілініп қалды. Бұрын Лаиштың жерін барлап қайтқан бес жігіт руластарына: «Мына үйлердің біреуінде (діни қызметкер киетін) жеңсіз сырт киім, шағын тәңір мүсіндері, ағаштан ойылған және күмістен құйылған тәңір мүсіндері бар екенін білесіңдер ме? Енді не істеу қажет екенін ойластырып көріңдер», — деді. Елді барлап қайтқан бес адам ішке кіріп, ағаштан ойылған мүсінді, жеңсіз сырт киімді, шағын тәңір мүсіндерін және күмістен құйылған мүсінді алып шықты. Сол кезде діни қызметкер алты жүз жасақшымен бірге қақпаның кіреберісінде тұрды. Миха оларға жауап қайырып:— Менің жасап алған тәңір мүсіндерімді әрі діни қызметкерді алып кетіп қалдыңдар. Енді менің өзіме не қалды? Сонда менен қалайша «Саған не болды?» деп сұрайсыңдар? — деді. Сонда Кирият-Иғарымның адамдары келіп, Жаратқан Иенің Келісім сандығын өздеріне алып кетті. Оны Абинадап есімді кісінің төбе басындағы үйіне апарып қойды. Оның ұлы Елазарды Жаратқан Иенің қызметіне бағыштап, Келісім сандығының күзетшісі етіп тағайындады. Алайда осы оқиғадан кейін де Еробоғам зұлым жолынан қайтпады. Керісінше, ол жалған тәңірлерге арналған ғибадат орындарына тағы көбірек діни қызметкерлер тағайындады. Осылай ол діни қызметкер болғысы келген кез келген адамды тағайындай берді. Бұл мына жайтты білдіреді: исраилдіктер ұзақ уақыт бойы өз патшасы мен әміршісінен ада болып, құрбандықсыз, бөтен тәңірге бағышталған тас бағанасыз, діни қызметкер киетін жеңсіз сырт киімсіз және жалған тәңірлердің бейнелерінсіз тұратын болады.
Выбор основного перевода