Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
аспан мен жерді жаратқан Құдай Иеміздің алдында ант бер: сен ұлым Ысқаққа әйелді бірге тұрып жатқан қанахандықтардың қыздарынан алып бермейсің. Қайта, менің туған жеріме, туысқандарыма барып, сол жақтан алып келесің, — деп бұйырды. Сонда Ысқақ Жақыпты шақырып алып, оған батасын беріп, былай деп өсиет айтты: «Сен қанахандық әйелге үйленбе! Одан да жолға жиналып, солтүстік Месопотамияға, шешеңнің әкесі Бетуелдің үйіне барып, әйелді сол жерден, шешеңнің ағасы Лабанның қыздарының біреуінен ал! Дәуіт қасында тұрғандарға:— Мына філістірдің көзін құртып, Исраилдің көріп отырған масқарасын тоқтатқан адамға не берілмек дедіңдер? Бұл құдайсыз філістір мәңгі тірі Құдайдың әскер саптарын масқаралайтындай кім еді, сонша?! — деді. Қызметшіңіз арыстан мен аюдың көзін құртып келді. Енді мына құдайсыз філістір де солардың кебінін киетін болады. Себебі ол мәңгі тірі Құдайдың әскер саптарын масқаралап тұр! — Ғат қаласына бұл хабарды айтпаңдар,Ашқалон алаңында да жар салмаңдар,Філістір қыздары қуанып жүрмесін,Құдайсыз қыздар мәз боп билемесін!
Выбор основного перевода