Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
Параллельные места
Сонда Сарай Ыбырамға:— Менің жәбір көруіме сен кінәлісің. Күңімді саған өзім қосқан едім. Ал енді ол бала көтергенін білгеннен бері мені менсінбей жүр. Сен екеуіміздің арамыздағы дауды Жаратқан Иенің Өзі шешсін, — деді. Сен осылай істеп, әділ жанды жауызбен бірге өлтіріп, оған арам кісіге қарағандай қараудан аулақсың ғой. Бүкіл әлемді Соттаушы әділетті шешім қабылдамаушы ма еді? — Ыбырайым мен Нахор және олардың әкелері мойынсұнған Құдай екеуіміздің арамызда төрелік етсін».Сонда Жақып әкесі Ысқақ «Үрейлі Қорғаушым» деп сиынған Құдайдың атымен ант берді. Қараңызшы, әке, шапаныңыздың бір шеті, міне, менің қолымда! Оны жаңа ғана шапаныңыздан кесіп алдым, бірақ өзіңізді өлтірмедім. Содан менің сізге ешқандай қастық не бүлік жасамағанымды біліп алыңыз.Сізге істеген ешбір жамандығым жоқ, ал өзіңіз қалайда жанымды алу үшін артымнан қалмай жүрсіз. Исраил елінің патшасы кімге қарсы аттанды? Сіз кімді қуып жүрсіз? Бір иттің өлімтігін яки титтей бүргені емес пе?
Выбор основного перевода