Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Егер бауырласың саған қарсы күнә жасаса, оған барып, істегені туралы оңаша сөйлесіп, әшкереле. Егер де айтқаныңа құлақ асса, бауырласыңды қайтадан тапқаның. Ал егер тыңдамаса, қасыңа бір-екі кісі ертіп алып, оған тағы бар. Осылай әрбір сөз екі не үш куәгердің айтқандарымен дәлелденсін. Егер де оларға да құлақ аспаса, бұл туралы сенушілер қауымына айтып бер. Ал егер қауымды да тыңдамаса, онда оған Құдайға мойынсұнбайтын басқа ұлт адамына не күнәкар салықшыларға қарағандай қара. Бауырластарым, сендерге өтіне айтарым: жік шығарып, өздеріңе үйреткен ілімге қарсы араздық туғызушылардан сақ болып, аулақ жүріңдер! Сондықтан да біреу келіп, осы ілімге қарсы бір нәрсе үйретсе, ондайды үйлеріңе кіргізбеңдер, тіпті сәлемін де алмаңдар!
Выбор основного перевода