Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Сол сияқты, адамдарды да «жемістерінен» танып білесіңдер. Маған: «Мырза, Ие!» дейтін әркім емес, көктегі Әкемнің еркін орындайтындар ғана Оның Патшалығына кіре алады. Сонда Мен оларға: «Сендерді ешқашан (өз адамдарым ретінде) таныған емеспін. Әділетсіздік істегендер, Менен аулақ кетіңдер!» — деп ашық айтамын. Олар сырт көзге Құдайға ұнайтындай болып көрінгенмен, Оның күшінен бас тартады.Мұндай адамдардан аулақ жүр! Олар әрдайым тәлім алуға ұмтылғанмен, ешқашан шындықты білуге қол жеткізбейді. Янни мен Ямбыридың Мұса пайғамбарға қарсы күрескені сияқты, мұндай азғырушылар да шынайы ілімге қарсы шығады. Бұлардың ақылдары бүлінген, сенімдері түкке тұрғысыз, жалған. Құдайды танимын дей тұра, Оның өсиеттерін орындамайтын кісі — өтірікші, соның жан дүниесінен шындық орын алған жоқ.
1 2 3
Выбор основного перевода