Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Саз балшықтан жасап отырған бір ыдысының пішіні дұрыс шықпай қалғанда, шебер оны бұзып, қайтадан илеп, өз ойындағыдай етіп басқа бір ыдысты жасап шығарды. «Уа, Исраилдің үрім-бұтағы, мына құмырашының өзінің ыдыстарына істегенін Мен сендерге істей алмаймын ба? Жаратқан Ие мынаны айтады: Балшық шебердің қолында болғандай, сендер де Менің қолымдасыңдар, уа, Исраил халқы. Бір үлкен үйде алтын мен күмістен ғана емес, ағаш пен қыштан жасалған ыдыс-аяқтар да бар: алдыңғылары қадірмен тұтылса, соңғылар қадір-құрметтен ада. (Сол сияқты, қауымның көптеген мүшелері игі істерімен Құдайды құрметтесе, басқалары жамандықтарымен Оның даңқы мен ісіне нұқсан келтіреді.)
Выбор основного перевода