Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Мені ақтайтын Құдай қасымда, маған сонда кім кінә тақпақ? Келіңдер, беттесейік, енді кім маған айып таңбақшы? Кәне, сол мұнда жақындап келсін! Мені Жаратушы Тәңір Ие қолдайды, маған үкім шығаратын кім болмақ? Солай етуге тырысқандар тозып, күйеге жем болған киімдей құрымақ. Ал Құдай Өзі таңдап алған, Өзіне күні-түні жалбарына сиынған адамдарының мүдделерін қорғамай ма? Әлде соны ұзаққа созып жібере ме? Содан кейін мен көктен шыққан қатты дауысты естідім. Ол былай деді:«Енді Құдай (Өзінің халқын) құтқарды! Ол құдіретін көрсетіп, патшалық етіп, билік жүргізеді. Оның тағайындаған Патшасы Мәсіх өктемдік етеді! Ал Құдай алдында күні-түні бауырластарымызға жала жауып келген шайтан көктен лақтырылып тасталды.
Выбор основного перевода