Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Дәуіт сол байға қатты ашуланып, Натан пайғамбарға:— Мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдында шын айтамын: мұны істеген адам өлімге лайық! Кедейге мейірімсіз болып, осыны істегені үшін ол тоқтының орнын төрт есе етіп толтыруға да міндетті! — деп шешті. Сонда Натан Дәуітке былай деді:— Сол адам өзіңізсіз! Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: Мен сені Исраилдің үстінен патша етіп тағайындап, Саулдың қолынан құтқарып келдім. Құдай өздеріңе үкім шығармас үшін сендер басқаларға үкім айтпаңдар! Себебі басқаларға қандай үкім айтсаңдар, өздеріңе де сондай үкім шығарылады. Сендер өзгелерге қолданған өлшем өздерің үшін де қолданылмақ. Басқаларға үкім айтпаңдар, сонда сендерге де үкім шығарылмайды. Айыптамаңдар, әйтпесе өздерің де айыпталасыңдар. Кешіріңдер, сонда сендер де кешірілесіңдер.
Выбор основного перевода