Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Сонда көпшілік үндемей қалды да, Пауыл мен Барнабаның өздері арқылы басқа халықтар арасында Құдайдың кереметтер жасап, құдіретін көрсетуі туралы айтқандарын тыңдады. Олармен сәлемдескен соң Пауыл өзінің қызметі арқылы Құдайдың басқа ұлттар арасында не істегенін егжей-тегжейлі айтып берді. Құдай өз рақымымен бізге Мәсіхтің арқасында және Оның атының даңқы үшін елші болуды әрі барлық ұлттардың адамдарын Оған сеніп, мойынсұнуға шақыруды тапсырды. қазіргі уақытта ашылып жатыр. Осы хабар мәңгілік Құдайдың бұйрығы бойынша Пайғамбарлар жазбаларының уағыздалуы арқылы барлық халықтарға жариялануда. Мұндағы мақсат — олардың Мәсіхке сеніп Оған мойынсұнулары. Бұл қызметке өзіміз қабілеттіміз деп ойлайтындай еш негізіміз жоқ. Біздегі бар қабілеттілік өзімізден емес, Құдайдан.
Выбор основного перевода