Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Құдайдың Өзі — Рух. Сондықтан Оған сиынатындар Оның Рухына кенеліп, шындықпен сиынуға тиіс. — Сендер де өздеріңді «күнәға жоқпыз, енді Құдайдың құрметі үшін Иса Мәсіхпен тығыз байланыста өмір сүреміз» деп есептеңдер! Дене мүшелеріңді күнә жасау үшін қолданып әділетсіздіктің құралы етпеңдер! Қайта, сендер рухани өлімнен шынайы өмірге өтіп келдіңдер; сондықтан өздеріңді Құдайдың қызметіне арнап, дене мүшелеріңді де Оған бағыштап, оларға әділ істер істетіңдер! «Өзінің киелі үйін» жойғанды Құдай жоймақ. Себебі Құдайдың «киелі үйі» — Оның қасиетті меншігі. Ал осы «киелі үй» — сендерсіңдер! сендер де рухани үйге (яғни қауымға) қаланған тірі тастар сияқтысыңдар. Сендер Иса Мәсіхке бола Құдайға ұнамды рухани сый-тартулар ұсынып, Оған бағышталған қасиетті қызмет атқарудасыңдар.
Выбор основного перевода