Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Сонда Петір былай деп сөзін бастады:— Құдайдың адамның бет-жүзіне қарамайтынын енді шынымен біліп алдым. Құдай Исраил халқына Өзінің Иса Мәсіх арқылы адамзатпен татуласуы жайлы Ізгі хабарды жіберді: Мәсіх — бәрінің де Иесі! Құдай олардың жүректерін сенімдері арқылы тазартып олар мен біздің арамызға ешбір айырмашылық қойған жоқ. Құдай яһуди және басқа ұлт адамдарының бәрін де Иса Мәсіхке деген сенімдері арқылы ақтайды. Себебі бұл жерде ешқандай айырмашылық жоқ: «Әлде Құдай тек яһудилердің Құдайы болып, басқа ұлттарды қабылдамай ма?» Әрине, қабылдайды, Ол басқа ұлттардың да Құдайы ғой! Бұл жерде яһуди мен басқа ұлт адамының, құл мен еріктінің, еркек пен әйелдің арасында айырмашылық жоқ, себебі барлығың Иса Мәсіхпен тығыз байланыста біртұтассыңдар.
Выбор основного перевода