Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
К Римлянам
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Параллельные места
Тек хайуандардан сұрап көр, олар саған үйретеді. Әуедегі құстардан сұра, олар саған айтып береді. Немесе жерден сұра, ол да саған көрсетеді. Теңіздегі балықтар да саған білдіреді. Осылардың қайсысы Жаратқан Иенің бәрін Өзінің құдіретті қолымен жаратқанын білмейді екен? Құдайдың салтанатты ұлылығынАспан әлемі ашық паш етеді,Оның қолының керемет істерінӘуе кеңістігі де көрсетеді, Осыларды олар жариялайды күнде,Бұл білімді мәлімдейді әр түнде. Сол «үндерін естімеген» ешбір тіл де,Ешқандай ұлт та қалмайтын болады. «Үндері» жайылады бар жер бетіне,«Сөздері» жердің шетіне таралады.Құдай күнді аспанда орналастырған. Күйеу жігіттей бөлмесінен шыққанКүннің жүзі де қуана нұрланады,Ол жүйріктей жарысуға құлшынады. Көкжиектің бір шетінен күн шығады,Келесі шетіне өтіп айналады,Ештеңе де қызуынан тыс қалмайды. Таурат заңы жоқ басқа ұлттар өз еріктерімен оның талаптарын орындаса, онда олар өздерінің сол заңсыз-ақ не істеп, не қою керек екенін білетіндіктерін көрсетеді. Осы арқылы олар Таурат заңының талаптарының өз жүректерінде жазулы екенін дәлелдейді. Бұған олардың ар-ұждандары куә. Демек, оларды іштей қаралайтын немесе ақтайтын осы ұждандарынан туған ойлары соған куә.
К Римлянам
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Выбор основного перевода