Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
К Колоссянам
1 2 3 4
Параллельные места
Бұл күнәкар дүниенің өмір сүру салтын үлгі етпеңдер, қайта, ой-тілектерің Құдайдың жаңартуымен түбегейлі өзгерсін! Осылай сендер Оның еркін — ненің игілікті, ұнамды және кемелді екенін ажырата білетін боласыңдар. Енді Ол бізге Өзінің құпия жоспарын — Мәсіхке байланысты алға қойған ізгі ниетін ашып берді. Сол себепті мен сендердің Иеміз Исаға берік сеніп, Оның бүкіл халқын қатты сүйгендіктерің туралы естігендіктен, мінажат еткен сайын сендер үшін ұдайы шүкірлік етемін. Иеміз Иса Мәсіхтің Құдайы — салтанатты ұлылыққа ие Әке сендерге Өзін жақынырақ танып білулерің үшін Өзінің Киелі Рухы арқылы даналық пен терең түсінік берсе екен деп Одан тілеймін. Мен Оған сиынып, былай деп тілеп отырмын: сендердің сүйіспеншіліктеріңмен қатар жан-жақты рухани білімдерің мен көрегендіктерің бұдан да арта берсін.
К Колоссянам
1 2 3 4
Выбор основного перевода