Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4
Параллельные места
Олар екеуінің халыққа тәлім беріп, «Иса өлімнен қайта тірілді» деп жариялап жүргендеріне наразы болды. Осы уәденің орындалуына халқымыздың он екі руы да күндіз-түні Құдайға қызмет етіп үміт етеді. О, патшам, бүгін яһудилер мені содан үміткер болғаным үшін айыптап отыр. Өйткені Иеміздің Өзі көктен түсіп, бұйрық береді, әрі бас періште шақырып, Құдайдың кернейі қатты дауыстайды. Сонда ең алдымен Мәсіхке сеніп бұ дүниеден кеткендер қайта тіріледі. Бұл — «алғашқы қайта тірілу». Ал өлгендердің қалғандары мың жыл өтіп кеткенше тірілген жоқ. Алғашқы қайта тірілуге қатысқан әркім бақытты да қасиетті! Мұндайларға «екінші өлім» билігін жүргізбейді. Керісінше, олар Құдайдың және Мәсіхтің діни қызметкерлері болып, Мәсіхпен бірге мың жыл бойы патшалық құрмақ.
Выбор основного перевода