Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
К Филиппийцам
1 2 3 4
Параллельные места
Әділдіктің жемісі амандық пен бейбітшілік болмақ. Иә, әділдік мәңгі бақи тұрақты тыныштық пен қауіпсіздік әкелмек. Иса:— Ол Жібергенге сеніңдер, Құдайдың еркі сол, — деп жауап берді. Мәсіх туралы Ізгі хабарымыздың шындығы өмірлеріңде расталды. Осылай сендер Киелі Рух сыйлайтын дарындардан ешқандай тапшылық көрмей, Иеміз Иса Мәсіхтің салтанатпен көрінуін сағына күтудесіңдер. Иеміздің қайта оралатын сол күні еш айыпталмауларың үшін Тәңір Ие сендерді өмірлеріңнің аяғына дейін табанды етпек. Соның нәтижесінде әр жағдайда ненің ізгілікті екенін ажырата білсеңдер екен деймін. Осылай сендер Мәсіх қайта оралар күні мінсіз пәк болып, Себебі Өзіне ұнайтын істерді қалап, жүзеге асыруларыңа түрткі болушы — Құдай. Күресімнің мақсаты — сендердің жүректеріңнің жігерленіп, сүйіспеншілікпен рухани бірлесулерің, сөйтіп Құдай Әкеміздің Мәсіх туралы құпия хабары жөнінде терең де бай түсінік алып, оны түгел тануларың. Құдай Әкеміздің алдында сендердің Оған деген сеніммен игілікті іс істеп, сүйіспеншілікпен ауыр еңбек етіп және Иеміз Иса Мәсіхке табандылықпен үміт артып жүргендеріңді үнемі еске алып отырамыз. Сендерді шақырған Құдай сенімді, Ол бұларды жүзеге асырады да.
К Филиппийцам
1 2 3 4
Выбор основного перевода