Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Құдайым, күндіз шақырсам, жауап қатпайсың,Түнде де айқайлап, тыным таппаймын. Бірақ Сен киелісің, Исраил халқыңСені мадақтайтын тағыңда отырасың. Ата-бабамыз Өзіңе иланып жүрді,Сөзіңе сенді, Сен де азат еттің. Саған сиынып, олар құтқарылды,Өзіңе сеніп ұятқа қалмады. Ал мен адам емес, құрт іспетті қуатсызбын,Жұрт ұрсып, елемейді мені халқым, Көргендердің бәрі келекелейді,Басын шайқап, балағаттап былай дейді: «Ол Жаратқанға үмітін артқан екен,Сол оны аман қалдырсын пәледен!Жаратқан Ие разы болса оған,Құтқарып алсын оны қиындықтан!» Ал мені ана құрсағынан Сен шығардың,Жас кезімнен Өзіңе иландырдың, Туғаннан-ақ қолдауыңа мұқтажбын,Өмір бойы Сенсің Құдайым менің, Енді алыстай көрме менен Өзің.Себебі азап-бейнет қалды таяп,Қол ұшын берерім жоқ мені аяп. Сүзеген бұқадай жау алды қоршап,Башандық бұқадай жан-жақтан қыспақтап, Ақырған арыстандай жемге құмартып,Аранын ашады, маған қарсы шығып. Күшім судай төгіліп, таусылды құрғап,Сүйектерім буынынан қалды босап.Кеудемде жүрегім балауыз құсапӘбден балқып, елжіреп кетті босап. Қыш құмыраның сынығына ұқсапКүшімнен айырылып қалдым қурап,Тілім қалды таңдайыма жабысып,Өлім топырағына бердің мені қиып! Төбеттердей жан-жақтан қыспақтадыСол жауыздар, лек-легімен қоршап алды,Аяқ-қолымды түйреп жаралады! Сүйектерімді шыға алам санап,Ал халық тұр маған қадала қарап. Жау жамылғымды бөлісіп алады,Киімім үшін жеребе салады. Уа, Ием, Сен менен алшақтай көрме,Күшім менің, тез келе гөр көмекке, Өмірімді аман сақтап семсерден,Құтқара гөр «төбеттердің» күшінен! Құлақ сап, құтқара гөр «арыстанныңАраны» мен «мүйізінен бұқаның». Иса сол жерден әрірек барып, етпетінен жығылып былай деп мінажат етті: «О, Әкем, мүмкін болса, (қаһарыңа толы) осы «тостағанды» Маған жолата көрме. Алайда Менің емес, Сенің еркіңе сай болсын!» Иса қайтып келгенде шәкірттерінің ұйықтап жатқанын көрді. Петірге: «Сонда ең болмағанда бір сағат Менімен бірге ұйықтамай отыра алмағаның ба? Азғырылмау үшін сергек болып, сиынып мінажат етіңдер! Рух дайын болғанмен, тән осал», — деді. Иса екінші рет тағы да шеткері барып, сиынып: «О, Әкем, егер (қаһарыңа толы) бұл «тостаған» Маған соқпай өте алмаса, онда Сенің еркің орындалсын!» — деп мінажат етті. Иса оралып келгенде, шәкірттерінің қайтадан ұйықтап жатқанын көрді. Себебі көздерін ұйқы басқан еді. Иса оларды қалдырып, тағы да барып, үшінші рет дәл сол сөздерін айтып сиынды. Содан кейін шәкірттеріне қайта оралып, былай деді: «Әлі де ұйықтап, тынығып жатырсыңдар ма? Енді уақыт болды: Құдай тағайындаған Билеуші күнәкарлардың қолына ұстап беріледі. Міне, Мені ұстап беруші таяп қалды. Тұрыңдар, соған қарай жүрейік!» Осылай олар бақшасы бар Гетсимани деген жерге жетті. Сонда шәкірттеріне: «Мен сиынып мінажат еткенше, осы жерде отыра тұрыңдар», — деді. Ол Петір, Жақып және Жоханды Өзімен бірге ала кетіп, жаны түршігіп қатты қинала бастады. Иса үш шәкіртіне: «Жаным өлердей қайғырып тұр. Сендер осында қалып, ұйықтамай сергек болыңдар!» — деп тапсырды. Иса сол жерден әрірек барып, жерге жығылды. Мүмкін болса, алдағы азапты кезеңнің Өзіне жоламай айналып өтуін сұрап: «О, Абба, Әкем! Сенің қолыңнан бәрі де келеді. (Қаһарыңа толы) осы «тостағанды» Маған жолатпай алып кете гөр. Бірақ Менің емес, Сенің еркің болсын!» — деп мінажат етті. Қайтып келгенде Иса шәкірттерінің ұйықтап жатқанын көрді. Петірге: «Шимон, ұйықтап жатырсың ба? Ең болмағанда, бір сағат ұйықтамай отыра алмағаның ба? Азғырылмау үшін сергек болып сиынып мінажат етіңдер! Рух дайын болғанмен, тән осал», — деді. Иса тағы да шеткері барып, сиынып бұрынғы сөздерін қайталап мінажат етті. Бұдан кейін оралып келгенде, шәкірттері қайтадан ұйықтап жатты. Себебі көздерін ұйқы басқан еді. Олар Исаға не айтарларын білмеді. Иса үшінші рет оңаша сиынып, қайтып келгеннен кейін шәкірттеріне: «Әлі де ұйықтап, тынығып жатырсыңдар ма? Жетер енді, уақыт болды: Құдай тағайындаған Билеуші күнәкарлардың қолына ұстап беріледі. Міне, Мені ұстап беруші таяп қалды. Тұрыңдар, соған қарай жүрейік!» — деді. Сол кезде Иса қаладан шығып, дағдылы әдеті бойынша Зәйтүн тауына қарай беттеп бара жатты. Шәкірттері де Оның артынан ілесті. Сол жерге жеткеннен кейін Иса оларға: «Азғырылмау үшін сиынып мінажат етіңдер!» — деп тапсырды. Өзі олардан тас лақтырымдай жерге аулағырақ барып, тізерлеп отырды да, мінажат етіп былай деді: «О, Әкем, егер Сен қаласаң, (қаһарыңа толы) осы «тостағанды» Маған жолатпай алып кете гөр. Бірақ Менің емес, Сенің еркің болсын!» Сонда көктен бір періште келіп, Исаға күш берді. Рухани күресіп қатты қиналған Иса одан бетер сиынып мінажат етті. Оның тері қан тамшыларына ұқсап жерге тамып жатты. Иса сиынуын аяқтаған соң, орнынан тұрды. Шәкірттерінің қасына қайтып келіп, олардың қайғыдан шаршап, ұйықтап қалғандарын көрді. Сонда оларға: «Неге ұйықтап жатырсыңдар? Азғырылмау үшін орындарыңнан тұрып, сиынып мінажат етіңдер!» — деді. Қазір көңілім қатты толқу үстінде. Мен не айтайын: «Әке, Мені осы күннен құтқара гөр» дейін бе? Қайта, бұл күнге осыны бастан кешіру үшін жеттім ғой.
Выбор основного перевода