Қымбатты бауырластар, менің өмірімді үлгі етіңдер, әрі біздің өнегемізге сай жүргендерге назар аударыңдар!
Сендердің бізден естіген Құдай сөзін адамның емес, Құдайдың хабары ретінде — шындығында да бұл солай! — қабылдағандарың үшін біз Оған үнемі ризашылығымызды білдіреміз. Қазір бұл хабар Оған сенетін сендерге күшті әсер етіп жатыр.