Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
(Дәуіттің жыры.)Жаратқан Ие менің иеме былай деп айтқан:«Мен жауларыңды табаныңның астынаСалып бергенімше отыр оң жағымда». «Жаратқан Ие менің Иеме былай деп айтқан: Мен жауларыңды табаныңның астына салып бергенімше отыр оң жағымда», — деген ғой. Сонымен Иеміз Иса олармен сөйлесіп болған соң көкке көтеріліп, Құдайдың оң жағына жайғасты. Себебі Дәуіттің өзі көкке көтеріліп кеткен жоқ. Алайда ол (Забурда) былай деген ғой: Мәсіхті өлімнен қайта тірілтіп, көкке көтеріп, Өзінің оң жағындағы орынға отырғызғанда да қолданды. Өзін төмен тұтып, Құдайға мойынсұнды,Өлімге, тіпті айқыштағы өлімге бойсұнды. Сондықтан да Құдай Оны көкке көтерді,Оның мәртебесін бәрінен де биіктетті,Оған бар есімнен жоғары Атақты сыйлап берді: Енді естігенде Исаның АтағынКөктегі, жердегі, жер астындағылардыңБәрі де тізе бүкпек Оның алдында Одан Құдайдың салтанатты ұлылығы жарқырап көрінеді: Ол — Құдайдың болмысының дәлме-дәл сипаты. Ұл бүкіл әлемді құдіретті сөзімен қолдап ұстап тұр. Өзінің құрбандық өлімі арқылы күнәдан тазару жолын ашып бергеннен кейін, Ол көктегі Ұлылық Иесіне (яғни Құдай Әкеге) барып, Оның оң жағындағы ең құрметті орынға жайғасты. Тәңір Ие көптеген адамдарды күнәдан құтқарып, Өзінің рухани балалары етіп құрметке бөледі; ал оларға құтқарылу жолын салған Мәсіхті азап шегуі арқылы кемелді Бастаушы етті. Бүкіл әлемді Өзі үшін жаратқан Құдайға осы лайық еді. Ал Мәсіх көкке көтеріліп, Құдайдың оң жағындағы құрметті орнына жайғасты. Періштелер, рухани билеушілер және күш атаулылар Оған бағынышты. Өзімнің жеңімпаз болып, Әкеммен бірге Оның тағында отырғанымдай, Мен жеңіп шыққан әркімді де қасыма, тағымның үстіне отырғызамын.
Выбор основного перевода