Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Параллельные места
Содан Мұса қанды алып, оны халыққа бүркіп тұрып:— Бұл — Жаратқан Иенің осы айтылған сөздердің бәрі бойынша өздеріңмен жасаған Келісімін бекітетін қан, — деді. Сондықтан сендерге айтамын: адамдардың жасаған бүкіл күнәлары мен Құдайды қорлауларына кешірім беруге болады; бірақ Құдайдың Киелі Рухын қорлайтынға кешірім болмайды. Сендерге шындығын айтамын: Құдай олардың мүдделерін тезірек қорғайды! Алайда Мен Билеуші ретінде көктен қайтып келгенімде жер бетінен Өзіме сондай қатты сенетіндерді таба алар ма екенмін?» Оның шексіз рақымынан бәріміз молынан жарылқанып келеміз. — «Сендер тазасыңдар» деген сөзді бәрің туралы айтып тұрған жоқпын. Қайсыларыңды таңдағанымды Өзім білемін, бірақ Киелі жазбадағы мына сөздің орындалуы тиіс: Дастарқандас боп нанымды жеген кісі Мені теуіп жіберу үшін Маған қарсы көтерді өз өкшесін. Сондай-ақ, кешкі астан кейін тостағанды да алып: «Мына тостаған — төгілмек қаныммен бекітілетін Жаңа келісім. Одан ішкен сайын Мені естеріңе түсіру үшін осылай істеңдер!» — деді. егер лайықсыз түрде нан жеп, тостағаннан ішіп, Иеміздің денесіне тиісті құрмет көрсетпесе, онда ол өзіне Құдайдың үкімін шығартады.
Выбор основного перевода