Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6
Параллельные места
біз бәріміз де көптігімізге қарамастан Мәсіхтің рухани денесіміз, осылай өзара байланысқан мүшелеріміз. Алуан түрлі дарындар бар, бірақ оларды сыйлайтын Киелі Рух Біреу-ақ. Түрлі қызметтер де бар, ал біздің қызмет ететін Тәңір Иеміз Біреу. Әрекеттер де алуан түрлі, бірақ олар арқылы сендердің барлығыңда әрекет ететін Құдай Біреу. Ол көкірек көздеріңді оятып, рухани нұрға кенелтіп, өздеріңді қандай үмітке шақырғанын, яғни өз халқына қандай керемет игіліктер сыйлайтынын, білсеңдер екен деп сиынамын. Ал қауым — Мәсіхтің рухани денесі. Мәсіх бүкіл әлемді Өзімен толтырғаны сияқты, қауымды да толтырады.
Выбор основного перевода