Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Еліңде тұрып жатқан жат жұрттыққа жәбір көрсетпе. Еліңде тұрып жатқан жат жұрттыққа өз адамыңдай қара. Өзіңді қалай сүйсең, оны да солай сүй! Өздерің де Мысырда жат жұрттық болдыңдар ғой. Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін. Жаратқан Ие жетім-жесірлердің мүддесін қорғап, жат жұрттықтарға мейірім көрсетіп, оларды нанмен, киіммен қамтамасыз етеді. Жат жұрттықтарға сендер де мейірімді болуға тиіссіңдер, өйткені өздерің де Мысырда жат жұрттық кірмелер болдыңдар ғой. «Сондықтан Мен сендерді тергеп соттау үшін жақындап келемін. Мен сиқыршыларға, неке адалдығын бұзушы мен ант бұзушыларға, жұмыскерлердің ақысын жеп, жетім-жесірлерге зорлық-зомбылық жасап, жат жұрттықтарды құқықтарынан айырғандарға қарсы куәлік келтіріп, әшкерелеуге ынтызармын», — деп нық айтады Әлемнің Иесі.
Выбор основного перевода