Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол түні перғауын, оның күллі нөкерлері және барлық мысырлықтар да ұйқыларынан тұрды. Бүкіл Мысыр зарлы жоқтау жамылды, себебі өлім шықпаған бірде-бір үй болмады. Сондықтан Жаратқан Ие, Әлемнің Әміршісі Құдай Ие, мынаны айтады: «Барлық алаңдарда жұрт жылап-сықтап, ал көшелерде ойбауырымдап қайғыратын болады. Сонда диқандарды да зар жылауға, жоқтау айтуды шебер білетіндерді де жоқтау айтуға шақыратын болады. Күллі жүзімдіктеріңде де қайғыланып жылап-сықтайтын боласыңдар. Себебі Мен сендерді жазалау үшін араларыңнан өтемін!» — Жаратқан Ие осыны нық айтады.
Выбор основного перевода