Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осылайша Мысырға қолымды созып, ел ішінен Исраил халқын алып кеткенімде, мысырлықтар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады. Ертеңгісін перғауын Нілге қарай беттеген кезде өзен жағасында жолын тосып тұр! Қолыңа бұрын жыланға айналған таяғыңды ұста. Сол үшін де Жаратқан Ие мынаны айтады: Менің Жаратқан Ие екенімді қазір жасайтынымнан білетін боласың! Қараңыз, мен қолымдағы таяқпен Нілдегі судың бетін ұрғанда, ол қанға айналады. Балаларың: «Бұл не қылған рәсім?» деп сұраса, оларға былай деңдер: «Бұл — Жаратқан Иеге арналған Құтқарылу мейрамының құрбандығы. Жаратқан Ие мысырлықтарды қырғынға ұшыратқан кезде исраилдіктердің үйлеріне соқпай өтіп кетіп, бізді өлімнен аман алып қалды».Мұны естіген халық Тәңір Иеге иіліп ғибадат етті. Сол күні балаларыңа былай деп түсіндіріңдер: «Мысырдан көшіп шыққан кезімізде Жаратқан Иенің бізге көрсеткен игілігі үшін осылай істейміз». Болашақта балаларың сендерден: «Бұның мағынасы қандай?» деп сұраса, оларға мынаны айтыңдар: «Жаратқан Ие бізді құлдықтың құрсауы — Мысырдан Өзінің құдіретті қолымен азат етіп алды. Перғауын қырсығып бізді жіберуден бас тартқанда, Жаратқан Ие Мысырдағы тұңғыш атаулыны — адамдардың тұңғыш ұлдарынан бастап малдардың тұңғыш еркек төлдеріне дейін өлтірді. Сол себепті біз малдардың тұңғыш еркек төлдерінің бәрін Жаратқан Иеге арнап құрбандыққа шаламыз. Ал тұңғыш ұлдарымыздың төлемі ретінде арнайы құрбандық ұсынамыз». Сондықтан өз көздеріңмен көрген осы нәрселердің ешқайсысын естеріңнен шығармауларың үшін, әрі өмір бойы жүректеріңнен кетіп қалмаулары үшін абай болып сақтаныңдар! Сол үшін балаларың мен немерелеріңе оларды айтып үйрететін болыңдар! Уа, Құдай, Өзіңнің зор құдіретіңменЕжелде бабалардың заманында істегенКеремет істерің жайлы құлағымызбенКөп естігенбіз әкелерімізден. Солардың ұрпақтарынан жасырмаймыз,Келер буынға оларды жариялаймыз:Жаратқан Иенің даңқты істерін,Оның құдіреті мен кереметтерін. Келер ұрпақ оларды жақсы танысын,Кейін туар перзенттері де ұғынсын,Олар да өз балаларына үйретсін. Бұл туралы хабарды балаларыңа айтыңдар, балаларың немерелеріңе, ал немерелерің шөберелеріңе жеткізсін!
Выбор основного перевода