Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Әйүп былай деді: «Анамның құрсағынан жалаңаш шықтым, дүниеден жалаңаш қайтамын да. Жаратқан Ие сыйлап берді де, Жаратқан Ие қайтарып алды да. Жаратқан Иенің есімі мадақтала берсін!» Осы жағдайдың бәрінде Әйүп күнә жасаған да жоқ, еркінсіп Құдайды айыптаған да жоқ. Өзіме былай дедім: «Мен сақ жүрейін,Тіліммен күнә жасаудан безейін,Әділетсіз жан қасымда тұрғандаТіліме берік бұғау салайын да». О, Жаратқан, есіңе алшы дұшпанның мазағын,Зердесіз ұлттың өз есіміңді қорлағанын. Уа, Құдай, көтеріліп, ісіңді қорғай көрші,Күнде ессіздің Өзіңді қорлағанын ескерші: Аманшылық болған күндері соның қызығын көріп қуан! Ал қасіретке душар болғанда мынаны есіңе ал: сол екі жайтты да Құдай тағайындаған. Сондықтан адам кейін не болатынын алдын ала біле алмайды. Бауырластарым менің, азап шегіп, төзе білуде Жаратқан Иенің атынан сөйлеген пайғамбарлардан үлгі алыңдар. Сол төзімді адамдарды бақытты деп санаймыз. Әйүп пайғамбардың шыдамдылығы туралы естігенсіңдер, Жаратқан Иенің ақыр аяғында оны қалай жарылқағанын да білесіңдер. Иеміздің жанашырлығы мен қайырымдылығы қандай зор!
Выбор основного перевода