Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Біліп алыңдар енді, Менің Өзім,Жалғыз Өзім ғана (шынайы) Құдаймын,Менен басқа құдай болмас дәйім!Өмірді алар яки қайтарар Өзіммін,Жаралап, жараны жазар да Менмін,Құтқара алмайды өз қолымнан ешкім. Жаратқан Ие:— Менің қызметшім Әйүпке көңіл бөлдің бе? Жер бетінде ол сияқты кінәратсыз да әділ, Құдайын терең қастерлейтін, жамандықтан аулақ жүретін ешбір жан жоқ. Оны еш себепсіз құрту үшін Мені қанша түрткілесең де, ол өзінің кінәратсыздығын сақтап келеді, — дегенде, Әйелі оған:— Әлі де кінәратсыздығыңды ұстанып отырсың ба? Одан да Құдайды балағаттап, (азабыңнан құтылып) өле қал, — деп ақыл айтты. Егер Ол бір нәрсені күштеп тартып алса, Оны кім тоқтата алады? Кім Оған: «Не істеп отырсың?» деп айта алар еді? Мен кінәратсыз бола тұра, өз басымның қамын ойламаймын. Өмірімді жек көріп түңіліп кеттім. мәңгі Сол болып келемін! Менің қолымнан құтқара алатын ешкім жоқ. Менің істегендерімді кім бұрынғы қалпына келтіре алады?!»
Выбор основного перевода