Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4
Параллельные места
Ал Мұсаның таудың басынан ұзақ уақыт бойы төмен түспегенін көрген халық Һаронның қасына жиналып:— Кәне, бізге алдымызда жүріп отыратын тәңір мүсіндерін жасап беріңіз! Себебі бізді Мысыр жерінен бастап алып шыққан анау Мұса болса, оған не болғанын білмейміз, — деді. Кейде Мен бір халықты не патшалықты елінен түп-тамырымен жұлып, құлатып, жоюым керек деп шешемін. Бірақ егер сол халық өзінің жасап жүрген зұлым істеріне өкініп, солардан бас тартса, онда Мен де райымнан қайтып, жіберейін деп отырған апатты оларға жібермеймін. Езекия патша және бүкіл Яһуда халқы оны сол үшін өлімге кесіп пе еді? Қайта, Езекия Жаратқан Иені қастерлеп, Одан рақым етуін жалбарына сұрады емес пе? Сонда Жаратқан Ие райынан қайтып, оларға бұйырған апатын жібермей қойды ғой! Ал Еремияны өлтіріп, біз өзімізге-өзіміз зор апат келтірейін деп тұрмыз! Мен Ефремнің қайғырып былай дегенін естідім:— Сен мені жазалап тәрбиеледің. (Солай істегенің дұрыс та еді, себебі) мен мойынтұрыққа үйренбеген тайыншадай қыңыр болатынмын. Мені тағы Өзіңе қайтарып ала гөр! Өйткені Сен менің Құдайым Жаратқан Иемсің. Сонда Жаратқан Ие райынан қайтып:— Жарайды, бұлай істемеймін! — деп шешті. Сонда Жаратқан Ие райынан қайтты.— Жарайды, бұлай да істемеймін! — деп шешті Жаратушы Тәңір Ие.
Выбор основного перевода