Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4
Параллельные места
Өлім толқындары жан-жақтан құрсады,Заңсыздық тасқыны көміп тастады, Ажалдың шынжыры мені матады,Өлімнің торы бұғаулап шырмады. Қатты қиналып Жаратқанға сиындым,Жәрдем сұрап Құдайыма жалындым.Киелі орнынан Ол құлақ салды,Жалынышым Оның алдына барды. Мүшкіл халімде шақырдым Жаратқанды,Ол жауап беріп, мені азат етіп алды. (Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)Мүшкіл халімде Иеме жалбарындым,Ол мінажатыма түрді құлағын. Атыңды сенің терең құдық түбіненУа, Жаратқан Ием, атап шақырдым мен. «Құлағыңды көмек сұраған үнімненЖаппашы!» деген жалынышымды естідің Сен.
Выбор основного перевода