Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сендер Құдай Иеміз өздеріңе табыстап отырған еліне кіру үшін Иорданды кесіп өткен күні өзен арнасынан дәу қойтастарды жинап алып, жағалауда орнатып, үстін әкпен сылаңдар. Исраилдіктер Ешуаның бұйрығын жүзеге асырды. Олар Жаратқан Ие Ешуаға айтқандай, Иордан өзенінің ортасынан Исраил руларының санына сәйкес етіп он екі тас алды. Оларды халықтың түнеуге тоқтаған жеріне көтеріп апарып, сол жерге қойды. Осылай халық бірінші айдың оныншы күні Иордан өзенін кесіп өтті. Олар Иерихон қаласының шығыс жағындағы Ғылғалда тоқтап, қостарын тікті. Иорданнан алынған он екі тасты Ешуа Ғылғалда тұрғызып қойып, Сол үшін Ілияс он екі тасты алды: Жақыптың он екі ұлынан тараған әрбір ру үшін бір тастан. Ежелде Жаратқан Ие Жақыпқа сөзін арнап, оның есімін Исраил деп өзгерткен болатын.
Выбор основного перевода