Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұса оларға былай деп жауап берді:— Егер осы айтқандарыңды шынымен орындайтын болсаңдар, яғни, егер Жаратқан Иенің көз алдында шайқасқа қаруланған және қару ұстанған барлығың да Иорданның арғы жағына өтсеңдер, онда Ол Өзінің жауларын қуып шығарып, бүкіл ел Жаратқан Иеге бағынып болған кезде сендер Жаратқан Ие мен Исраил халқының алдындағы міндеттеріңнен босатыласыңдар. Сонда сендерге кері қайта берулеріңе болады, әрі осы жер сендердің Жаратқан Иенің алдындағы мұралық меншіктерің болады. Сол кезде мен (Иорданның шығыс жағындағы жер үлестерін алған) сендерге былай деп тапсырма бердім: «Құдайларың Жаратқан Ие осы елді өздеріңе мұралық меншіктерің етіп табыстады. Бірақ араларыңдағы соғысуға жарамды барлық ер азаматтарың қаруланып, ағайындас руларыңның алдында жүріп олардан бұрын Иорданнан өтулерің керек. Ал әйел, бала-шаға, малдарыңды мен өздеріңе берген қалаларда қалдырсаңдар болады. Сендерде малдың көп екенін білемін ғой. Құдайымыз Жаратқан Ие өздеріңе істегендей ағайындарыңа да тыныштық сыйлап, оларға Иордан өзенінің батыс жағындағы жерлерін табыстамақ. Ағайындас руларың сол жерлерін иемденгенге дейін оларға қол ұшын беріп көмектесіңдер! Содан кейін мен өздеріңе табыстаған жерлеріңе бәріңнің де қайта оралуларыңа болады». Сол рулардың адамдары Ешуаға жауап беріп былай деді:— Бізге не бұйырсаңыз, соның бәрін орындаймыз, қайда жіберсеңіз, сонда барамыз. Біз Мұсаны қалай тыңдаған болсақ, сізді де солай тыңдаймыз. Ендеше Құдайыңыз Жаратқан Ие Мұсамен бірге жүріп жар болғандай, сізге де жар бола берсін.
Выбор основного перевода