Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жүсіп тұңғышына Манаса («Ұмыту») деген ат қойды. Себебі ол: «Құдай менің барлық уайымымды, әке-шешемнің үйінен алыстап кеткенімді ұмыттырды», — деді. — Әке, олай емес! Тұңғышы мынау, оң қолыңызды соның басына қойыңыз, — деді. Ол Ефремнің үшінші ұрпағынан шөпшек ұлдарын да көріп, Манасадан туған Махырдың ұлдарын бауырына басты. Манасаның ұрпақтары: Махырдан махырлықтар тарады. Махыр Ғилақадтың әкесі болатын, әрі Ғилақадтан ғилақадтықтар тарады. Манаса ұлы Махырдың әулеті Ғилақадқа аттанып, оны иемденіп, сонда тұрып жатқан аморлықтарды қуып жіберді. Сондықтан Мұса Ғилақад аймағын Манаса ұлы Махырдың әулетіне табыстап, олар сонда қоныстанып алды. Ғилақад аймағының қалған бөлігін және Ог патшалық құрған бүкіл Башан аймағын Манаса руының жартысының үлесіне бердім. — Башандағы бүкіл Арғоп аймағы бұрын «рафалық алыптардың елі» деп аталатын. Мен Махырдың үрім-бұтағының үлесіне Ғилақад аймағының көп жерін табыстадым. Манасаның ұрпақтары: Манасаның арамалық кәнизагы Асриел мен Махырды туды. Махыр Ғилақадтың әкесі болды.
Выбор основного перевода