Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ манасалықтар бұл қалаларды қолға түсіре алмады, сондықтан оларда қанахандықтар әлі де тұрып келеді. Исраилдіктер күшейіп алған кезде қанахандықтарды өздеріне міндетті жұмыс істеп, қызмет көрсетуге мәжбүрледі, бірақ оларды елден түгелдей қуып жібермеді. Сол сияқты Ефрем руы да Гәзерде тұрып жатқан қанахандықтарды қуып шығармай, қанахандықтар Гәзерде олардың арасында тұра берді. Гәзер қаласын Мысыр патшасы перғауын басып алып, өртеп, оның қанахандық тұрғындарының көздерін құртқан еді. Перғауын қызын Сүлейменге ұзатқанда, осы қаланы қызына еншісі ретінде сыйлады.
Выбор основного перевода